Сахара құмдарында көне өзеннің іздері табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Сахара құмдары орналасқан жерде көне заманда ірі өзен жүйесі болғанын анықтаған. Авторлар өз зерттеулерінің қорытындысын Nature Communications журналында жариялады, деп жазады epochtimes.ru.
Өзен іздері PALSAR радиолокациялық байқаулар аппараты және жапондық ALOS спутнигінің көмегімен анықталды. Алынған суреттерде зерттеушілер қазіргі шөл құмдарының астында жасырынған көне арналардың шетін көре алды.
Ғалымдар алған мәліметтерді тарихтағы әдеби мәліметтермен салыстырғанда, олар осы ауданда өзен жүйесінің бар болғанын растап шығарды. Таманрассет деп аталған өзен бес жылға жуық уақыт бұрын болған. Ол Атлас тауларының оңтүстігі мен қазіргі Алжирдегі Ахаггар таулы өлкесінен бастау алған. Өзен 500 шақырым қашықтыққа созылған. Мавритания ауданында ол Атлант мұхитына құйған.