Сахара шөлінде әлемдегі ірі күн стансасы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко Королі Мохаммед VI күн стансасын ашты, ол 2020 жылы пайдалануға толық берілген кезде әлемдегі ірі энергия көзі болмақ.
Станса Касабланкадан оңтүстік-шығысқа қарай Уарзазат қаласына таяу жерде Сахара шөлінде салынды. Күн энергиясын тартып, суды турбина үшін бу өндіруге ысытатын жартымиллион параболалық айнаны айналып шығу үшін екі сағатқа жуық уақыт қажет.
Экологтар турбинаға қажетті су жинау маңайдағы табиғи суаттардың сарқылуына әкеп соғады деп қауіптенуде.
Марокко 2030 жылға қарай электрге өзінің қажеттігінің 52 пайызын баламалы энергия көздерінен алуды жоспарлап отыр, сөйтіп, мұнай мен басқа да энергия көздерін импорттауды қысқарта түспек, деп хабарлады Би-би-си.