Саида Хасенова Гуанчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды
БЕЙЖІҢ- ГУАНЧЖОУ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі Саида Хасенова қола жүлдеге ие болды.
Жартылай финалда Саида Хасенова Тайландтан келген спортшыдан 3:8 есебімен ұтылып қалды.
Қазақстан құрамасы жүлделік есеп бойынша 7-орында тұр. Ел қоржынында 48 медаль, соның ішінде 7 алтын, 14 күміс және 27 қола жүлде бар.