«SAILAU TALKS – 2021»: Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «SAILAU TALKS – 2021» сарапшылық талқылау барысында парламенттік сайлау қорытындысы қозғалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«SAILAU TALKS – 2021»: Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылайды

Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастыратын шарада қазақстандық саясаттанушылар Марат Шибұтов, Александр Даниловпен қатар әзербайжандық саясаттанушы Фархад Маммадов, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты Сараптамалық орталығының директоры Андрей Казанцев, Қырғызстандық саясаттанушы Ширадил Бактыгулов сынды шетелдік сарапшылар пікір білдіреді.

Sailau Talks-2021 барысында сарапшылардың талқылау трансляциясы «ҚазАқпарат» агенттігі порталында және агенттіктің Facebook-тегі аккаунтында сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.