Сақалды қыздың сыры (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда тұратын 23 жасар үнді қызы Харнаам Каурды қаба сақалына қарап қыз деп айту қиын. Жас қыз аналық безінің поликистоз ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Day.Az.

Сақалды қыздың сыры (ФОТО)

Бұл дертке душар болған адамдарда ер адамдық гормон деңгейі көтеріледі. Харнаамның бетіне түк шыға бастағанда ол небәрі 11 жаста болған. Кейін түктер денесіне де қаптап шыға бастаған. Жұрттың мазағынан мезі болған қыз ақыры Құдайдың оны осылай ғып жаратқанына мойынсұнып, айналасындағы адамдардың пікірін елемейтін болды. Қазір ол өзіне сенімді, тіпті сақал оны одан сайын сұлуландыра түседі дейді.