Сәкен Майғазиев пен «Жігіттер» тобының әншілері арыстықтарға көмек қолын созды

АРЫС. ҚазАқпарат - Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен «Жігіттер» тобының әншілері, сондай-ақ басқа да өнер майталмандары  бүгін Шымкент қаласына келді.   Өнер иелері жарылыстан зардап шеккен арыстықтармен кездесіп, орталық мешітке жайғасқан жұртпен тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Майғазиев пен «Жігіттер» тобының әншілері  арыстықтарға көмек қолын созды

Арыс тұрғындарына қолдау көрсету үшін келген  орындаушылар қаладағы эвакуациялық пункттерде болып, өнер көрсетті. Арыстықтарды қолдау мақсатында ашылған қайырымдылық қорына әріптестері беріп жіберген қаржыны аударды. Өз кезегінде «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев осындай қиын сәтте қолдау көрсету - әр қазақстандықтың борышы екенін атап өтті.  Отандық эстрада жұлдыздары  арыстық азаматтарға осылайша алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.