Сәкен Майғазиевтің үшінші перзенті дүниеге келді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің үшінші перзенті дүниеге келді.

Сәкен Майғазиевтің үшінші перзенті дүниеге келді (ФОТО)

Бұл сүйінші хабарымен әнші өзінің Инстаграммдағы жеке парақшасында хабарлады.

«Сүйінші,сүйікті Елім! Мейірімі шексіз Алла тағаланың қалауымен ұлым қарындасты,қызым сіңілілі болды!Сіздердің де үйлеріңізден іңгәлаған әлдидің үні үзілмегей», - деп жазған әнші.
Біраз уақыт өткен соң парақшасында құттықтаған оқырмандарына алғысын білдіріп: «Аса қадірменді достар, құттықтауларыңызға мың алғыс!Аллаға сансыз шүкір, қыздарыңызды иіскеп шықтым.Айтсаң мақтанғандай боласың, айнымаған өзім. Анасының жағдайы жақсы.Сіздер де той көріңіздер!» - деп жазды әнші.
Сакен Майгазиев Сакен Майгазиев