Сәкен Мұсайбеков киберспорт бойынша ұйымның вице-президенті болып сайланды
«Ашхабадта өткен Азия киберспортының конфедерациясы (Electronic Sports) Бас Ассамблеясы барысында аталған ұйымның жаңа вице-президенттері сайланды. Кеннет Фок (Гонконг) Азия киберспортының президенті болды. Оның сонымен қатар, Гонконгтағы Ұлттық Олимпиада комиетінінің вице-президенті екенін атап өту керек. Ал аталған ұйымның вице-президенті болып Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков сайланды. Сонымен қатар, катарлық, үндістандық және вьетнамдық жаңа вице-президенттері таныстырылды», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, киберспорт қазіргі таңда әлем бойынша кең ауқымда өрістеп келеді. Сонымен қатар, спорттың бұл түрі тұңғыш рет V Азия ойынының бағдарламасына енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта оны Джакартада (Индонезия) өтетін алдағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу көзделген.