Сәкен Сейфуллиннің бұрын-соңды жарияланбаған видеосы табылды

сәкен сейфуллин
Фото: видеодан алынған кадр

Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатынан Сәкен Сейфуллин түскен бейнежазба табылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

Таспаны А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек тапқан. 

«Институттың ахметтану бөлімінің зерттеу бағыты бойынша жүргізіліп жатқан «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» грант жобасы аясында Маскеудегі мемлекеттік архивке үш ғалым барған болатынбыз. Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатында болдық. Сол архивтің құжаттар каталогымен толық танысып, өзімізге қажеттілерін қарағанда Сәкен Сейфуллин бейнежазбасы кездейсоқ қолымызға түсті», - деді Е. Маралбек QAZAQSTAN арнасына берген сұхбатында.

Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандосов, Әліби Жангелдин, Ораз Исаев сынды тұлғалардың видеосын елге алып келген жас ғалымдардың қоржынында көптеген олжа бар.

Оның бәрін институт алдағы уақытта жариялайды.

Соңғы жаңалықтар