Сәкен Жасұзақов: Әскери журналистерді даярлау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери журналистерді даярлау жүйесін жандандыратынын мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Жасұзақов: Әскери журналистерді даярлау басталды

«Әскери журналистерді даярлау жүйесін жандандыруға ниеттіміз. Осы тұрғыда құрлықтағы әскер институтына алғашқы қабылдауды іске асырдық. Дегенмен де бұл бағытта  әскери кафедраларға (ЖОО-лар жанындағы) ерекше мән бермекпіз, себебі сұраныс деңгейі айтарлықтай жоғары»,-деді министр.

Сонымен қатар Жасұзақов биыл университеттер жанындағы әскери кафедраларда білім алған түлектер Қарулы күштер қатарына келісімшарт негізінде қабылданатынын айтты . 

«Біз бүгінде қайта бағдарлау шараларын жүргізіп, бірқатар кафедраларда қазіргі заманғы мамандықтарға мән беріп отырмыз. Осы орайда олар ІТ-технололгия, ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына бағыт алды. Менің ойымша, бұл мамандар сұранысқа ие болады. Ағымдағы жылы әскери кафедралардың түлектерін ерікті негізде келісімшарт бойынша Қарулы Күштер қатарына шақыруды тапсырдым»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда ЖОО-лар жанындағы әскери кафедралар түлектерінің білімі тексерістен өтетін болады. «Бізде әскери дәрігерлер, артиллеристер мен байланыс мамандары бойынша біршама тапшылық бар»,-деді Жасұзақов.