Сақшылар жолда қалып кеткен шетелдіктерге қол ұшын созды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда тұрып қалған шетелдіктерге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сақшылар жолда қалып кеткен шетелдіктерге қол ұшын созды

Қостанай - Әулиекөл - Сурган автожолының 55-ші шақырымында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Назархан Қобдақанов пен Арман Мұсаев Renault автокөлігін байқаған. Көлік тізгінінде Ресей азаматы болған.

«Генератордың белбеуі үзіліп кеткендіктен жүргізуші мен үш жолаушы бірнеше сағат бойы жолда тұрған. Біз оларға көлікті жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына апаруға көмектестік», - дейді Арман Мұсаев.

Ресейліктер полицейлерге алғыс білдірді.