Сақтандыру бизнесінің дамуы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тәуелді

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сақтандыру бизнесінің дамуы халықтың әлеуметтік-экономикалық   жағдайына тәуелді. Оны бүгін Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің  философия докторы Данияр Әкежанов  диплом алу кезінде айтты,

Сақтандыру бизнесінің дамуы халықтың әлеуметтік-экономикалық   жағдайына тәуелді


  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазҰУ-дың PhD докторантурасын Экономика және бизнес факультетінің Менеджмент және бизнес кафедрасында Экономиканы басқару теориясы мамандығы бойынша бітіріп отырмын.   Менің диссертациялық жұмысымының тақырыбы - «ҚР Сақтандыру қызметі және оның механизмдері» деп аталады. Жалпы экономиканың  құрамдас бөлігі болып табылатын сақтандыру бизнесі өте өзекті тақырып. Бизнестің бұл саласы Қазақстанда айтарлықтай дамымаған. Оны статистикалық мәліметтердің  көрсеткіштерінен де көре аламыз. Бұл әсіресе сақтандыру сыйақысының көлемінде айқын аңғарылып отыр», дейді Данияр Әкежанов.  Оның айтуынша, Қазақстанда жан басына шаққанда сақтандыру сыйақыларының көлемі  0,83 пайызды ғана құрайды. Ол Ресейде 4-5 пайыз, ал батыс Еуропа елдерінде 8-12 пайыз аралығында. Ақшаға шағып  салыстыратын болсақ, жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақысы Қазақстанда  8 мың теңге болса,  батыс елдерінде ол 4-пен 12 мың АҚШ доллары аралығында.

«Сақтандыру бизнесінде әлемде Германия, Франция, Финляндия, Норвегия сияқты елдер көш бастап келе жатыр. Бізде сақтандыру қызметін реттейтін заң  2000 жылы шыққан. Саланы дамыту үшін Үкімет 2004-2006 жылдарға және  2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламалар қабылдады.  Онда сақтандыру бизнесін  дамыту бірнеше кезеңге бөліп қарастырылған. Менің ойымша, оның өз деңгейінде дамымауына халықтың табысының аздығы мен сақтандыру қызметіне деген сенімінің төмендігі кедергі болып отыр. Оны көтеру үшін сақтандыру компанияларының қызметін жақсарту керек», дейді философия докторы Д. Әкежанов.