Сақтандыру компаниялары мен жеке серіктестіктер ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасасты
АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат - «Лондон-Алматы», «Коммеск-Өмір», «Мұнай сақтандыру компаниясы» компаниялары мен «Subaru Motor Almaty», «Тех Арт Сервис» ЖШС-тері көлік құралдарын жөндеуді қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Ол міндетті және ерікті автосақтандыру нарығын дамыту, халықтың сақтандыру компанияларына сенімін көтеру, сақтандыру компанияларының қызметін халықаралық стандарттар негізінде ұйымдастыру мақсатында компания мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Меморандумға қатысушылар автомобиль жөндеу құнын есептеуде Audatex Gmbh команиясының мәліметтерін қолдануға міндеттелген. Онда жөндеудің уақытша және материалдық шығын нормалары, көлік құралдарын жөндеу технологиясы және тағы басқалар негізге алынады.
«Бұл бағдарламаны қабылдау жол-көлік апатынан кейін оның иелері үшін автомобильді жөндеу үдерісі абсолютті нақты және ашық болады. Сақтандыру компанияларына күмәндануға негіз болмайды», - дейді «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының бас аджастері Алексей Магдин.
«Audatex» - автокөлік құралдарын жөндеуде қалпына келтіру құнын есептеуді бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау саласындағы әлемдік көшбасшы саналады. Компания автомобильдер үшін электрондық мәліметтер қорын жасады. Ол сақтандырушылар, тәуелсіз сарапшылар мен автошеберлердің қажеттілігі үшін арнайы дайындалған.