Сақтандыру компаниясы құрылыс нысанында зардап шеккен маманға 19 миллион теңгеден астам төлемақы төледі

АЛМАТЫ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «НСК» сақтандыру компаниясы» АҚ Астана қаласындағы құрылыс нысанында зардап шеккен құрылыс компаниясының қызметкеріне 19 миллион  44 мың 290 теңге сақтандыру  төлемақысын төлегені туралы хабарлама таратты.

Сақтандыру компаниясы  құрылыс  нысанында зардап шеккен маманға 19 миллион теңгеден астам төлемақы төледі

Ол «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылған.

Сақтандырушы 2006 жылдың қыркүйек айында қазылған орда газбен дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқанда үстіне топырақ құлаған. Алған  жарақатынан кейін құрылыс  компаниясының қызметкері І дәрежелі мүгедек боп қалған болатын.