Сақтандыру компаниясы мен құрылыс компаниясы арасында дау туды
АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Осыған дейін үлескерлермен басы дауға іліккен «Ақ ауыл» құрылыс компаниясы сақтандыру компаниясы тарапынан айыптауларға ілігіп отыр. Бұрынғы «АТФ Полис» СК» АҚ-ның құқық мұрагері «Allianz Kazakhstan» СК» АҚ аталған компанияны сотқа беретінін мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ?Allianz Kazakhstan? СК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сақтандыру компаниясы мен «Ақ Ауыл» корпорациясы» АҚ арасында 2007 жылы Алматы облысында салынып жатқан «Премьера» көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуда үлескерлер келісімшарты шеңберінде құрылыс жүргізушінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру бойынша 18 келісімшарт жасалған. Жақында осы келісімшарттың мерзімі аяқталған. Келісімшарттың сақтандыру кезеңінде сақтандыру жағдайы болмаған. Алайда, құрылыс жүргізушінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісімшарты бойынша пайда алушылар тізіміне енбеген «Ақ ауыл» корпорациясы» АҚ-ның 68 үлескері сақтандыру компаниясына жүгінген.
Үлескерлер «Жауапкершілік «АТФ Полис»-те сақтандырылған» деп жазылған «Ақ ауыл» корпорациясының жылжымайтын мүлікті сату басқармасы бастығының қолы қойылған «Үлескерлер алдында құрылыс жүргізушінің жауапкершілігін сақтандыру туралы» сертификаттарын көрсеткен. Бірақ «АТФ Полис» СК» АҚ мен «Ақ ауыл» корпорациясы» АҚ арасындағы құрылыс жүргізушінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісімшарты бойынша «Ақ ауыл» корпорациясының пайда алушылар тізіміне енгізбеген пайда алушы үлескерлерге сертификат беру қарастырылмаған көрінеді. Осыған байланысты «Allianz Kazakhstan» СК» АҚ «Ақ ауыл» корпорациясы» АҚ-ның құрылыс жүргізушінің жауапкершілігін сақтандыру сертификаттарын беру әрекеттерін заңсыз деп тану туралы» Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сот талабын беруге мәжбүр болған.
«Өйткені «Ақ ауыл» корпорациясы» АҚ-ның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен үлескерлер алдында «Allianz Kazakhstan» СК» АҚ-ның заң жүзінде ешқандай міндеттемелері жоқ. Дегенмен, болып жатқан жағдайға біз немқұрайлы қарай алмаймыз. Мұндай заңсыз әрекеттер Allianz-тың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді және азаматтардың жалпы сақтандыру саласына деген сенімін әлсіретеді. Allianz Kazakhstan, Allianz SE компаниясының халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру бизнесін тек заң аясында жүргізеді. Осы себептен біз сотқа жүгінуге мәжбүрміз. Болып жатқан жағдайдың айыптылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жазалануы тиіс, ал біз өз тарапымыздан зардап шеккендерге заң жүзінде жәрдем береміз», - дейді «Allianz Kazakhstan» СК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Жанар Қалиева.