Сақтандыру нарығындағы өсім алдағы жылдарда да жалғасады

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО көрмесі сақтандыру нарығының дамуына оң ықпалын тигізеді.
None
None

Kompetenz сақтандыру компаниясының қаржылық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Азат Атамбаев бүгін Алматыда 2012 жылғы қызметтің аудиттелген қорытындысын жариялауға арналған басқосуда осылай айтты.

«Статистикаға қарайтын болсақ, жалпы сақтандыру нарығы бойынша жиналған сыйақы 163 млрд. теңгені құрайды. Алғашқы тоқсанда ол 53 млрд. теңге болды. Ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 45 млрд. теңге болған еді. Біздің болжамымыз бойынша 2013 жыл сақтандыру нарығы үшін сәтті жыл болады. Сонымен қатар тұрақты макроэкономикалық жағдайда сақтандыру нарығының өсімі алдағы 3-5 жылда бұдан ары қарай жалғасады», - дейді А. Атамбаев. Бұл өсімге жалпы ішкі өнімнің өсуі мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы өз ықпалын тигізеді. Сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы мен «ЕХРО-2017» көрмесі бойынша жасалатын инвестициялар жалпы сақтандыру нарығының дамуына өз септігін тигізеді. Бұл ең алдымен құрылыс, мүлік пен жауапкершілік тәуекелін сақтандыруда айқын аңғарылады. Банктік несиелеу көлемі ұлғайып, экономика біртіндеп қалпына келіп, әртараптану үдерісі қарқын алады.

Соңғы жаңалықтар