Сақтандыру омбудсмені өкілеттігі кеңейтіледі - Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сақтандыру омбудсмені өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырған еліміздің Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«ҚР-дағы сақтандыру омбудсмені институты 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сақтандыру омбудсмені көлік құралдары иелерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша ғана  тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асырады. Заң жобасында тараптардың сотқа жүгіну құқығын сақтай отырып, сақтандырудың барлық санаттарына омбудсменнің өкілеттігін кеңейту көзделеді»,-  деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, аталған Заң жобасында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қосымша кепілдіктері  көзделген.

«Кепілдік беру жүйесінен төлемдер аннуитет және басқа шарттар бойынша сақтандыру төлемдері үздіксіз жүзеге асырылады. Заң жобасында жүйеге қатысушылар жарналарының және акционерлердің салымдары есебінен қалыптастырылған активтердің есебін жеке-жеке жүргізу», - деді ол.

Данияр Ақышевтың атап өтуінше, Заң жобасы 3 кодекс пен 19 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.  Бұл құжатты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аталған Заң жобасы Үкімет мүшелері тарапынан толық қолдауға ие болғаннан кейін, құжатты бір айдың ішінде Мәжіліс қарауына енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум