Сақташ Хасеновтің ісі бойынша сот талқылауы өтетін күн белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сақташ Хасеновтің ісі бойынша сот талқылауы өтетін күн белгіленді

Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Әділxан Шайxисламов негізгі сот талқылауының уақытын 1 маусымға сағат 10:30-ға бекітті. Сақташ Хасеновты қамауда ұстау тұралы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау  комитеті бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс қоғамдық резонанс тудырды. Сөз құс етін Қазақстан аумағына кедергісіз жеткізу және тасымалдауға рұқсат беру бойынша қылмыстық сызба ұйымдастыру фактісі жайында болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған. Тергеу нұсқасы бойынша, Комитет төрағасы бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталған. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып келген. Айыпталушылар кінәларын толық мойындап отыр.