21:32, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Сальвадорда бұрынғы бүлікші президент болды
МӘСКЕУ. Сальвадорда жаңа президент - бұрынғы солшыл бүлікшілердің өкілі – Маурисио Фунес ант қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Бұрынғы журналист және Фарабунда Марти атындағы солшыл ұлттық азаттық майданының белсенді мүшесі ? Фунес ұлықтау рәсімінде АҚШ-пен достық қатынастар орнататынына уәде берді. Сондай-ақ ол Кубамен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге пәрмен берді. 1980-ші және 1990-шы жылдарда Ұлттық азаттық майданы сол кездегі американдық пиғылдағы Сальвадор үкіметтерімен 12 жыл бойы ұрыс жүргізді.