09:41, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Сальвадорда футбол ойыны кезіндегі атыс салдарынан бес адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сальвадорда футбол ойыны кезіндегі атыс салдарынан бес адам қаза тауып, бір адам жарақаттанды. Бұл туралы elsalvador.com порталы хабарлады.

Оқиға Дельгадо қаласында болған. Полиция ақпаратынша, ойын кезінде шамамен тоғыз адам стадионға келіп, футболшыларды ата бастаған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, матчқа келген Эль Трансито қаласының ойыншылары зардап шекті.
Полиция қаза тапқандардың үшеуі көше бандасының мүшелері деген күдікте.