Сальвадорда гангстерлерге арналған түрме ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сальвадордағы жаңа ірі түрмеге алғашқы екі мың жазасын өтеуші келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
None
Фото: REUTERS

Бұл түрме іс жүзінде ел президенті Найиб Букеле жариялаған қылмысқа қарсы соғыстың эпицентрі.

Наурыздан бастап Сальвадорда төтенше жағдай режимі енгізіледі - бұл биліктің бандиттік топтар жасаған зорлық-зомбылық пен кісі өлтіруге берген жауабы. Полицияның көптеген арнайы операциялары нәтижесінде гангстер топтарына қатысы бар деген он мыңдаған күдікті ұсталды.

Терроризмге қарсы күрес орталығы деп аталатын ірі түрме 40 мың орынға арналған.

Сотталушыларды камераға алып бармас бұрын қолдарын басына қойып отырғызып, шаштарын қырып алып тастайды.


Президент Букеле Twitter-ге түрмедегі сотталушылардың видеосын алып, мынадай жазба қалдырды: «Бүгін таңда банданың 2 мың мүшесін Терроризмге қарсы күрес орталығына ауыстырдық. Бұл олардың жаңа үйі болады, онда олар бәрі араласып, ондаған жылдар бойы өмір сүреді және халыққа енді зиян тигізе алмайды».


Жаңа гангстер түрмесі Теколука муниципалитетінің оқшауланған жерінде, ел астанасынан 74 шақырым жерде салынған. Бұл - Латын Америкасындағы осындай ең үлкен құрылым. Қылмыскерлер қашып кетпес үшін ең жаңа технологиялармен жабдықталған.

Түрменің сегіз ғимараты бар, әрқайсысында 100 шаршы метрді қамтитын 32 ірі камера бар. Онда жүздеген сотталушы отырады. Әр камерада екі қол жуғыш пен екі туалет бар. Сальвадор президенті қабылдаған төтенше шараны көптеген адамдар азаматтардың конституциялық құқығын шектейді деп есептейді. Атап айтқанда, күштік құрылымдарға ордерді күтпестен күдіктілерді бірден қамауға алуға рұқсат берді.

Антигангстерлік соғыс барысында Сальвадор билігі 64 мың адамды ұстады.


Соңғы жаңалықтар