Сальвадорда соңғы екі жылда алғаш рет тәулік ішінде кісі өлімі орын алған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зорлық-зомбылық қылмыстарының жоғары деңгейімен танымал болған Сальвадорда сәрсенбі, 11 қаңтарда бірде-бір кісі өлімі тіркелмеген. Бұл туралы ұлттық полиция комиссары Говарда Коттоның деректеріне сілтеме жасап, Associated Press хабарлады.
Агенттіктің деректеріне сәйкес, соңғы рет мұндай оқиға екі жыл бұрын 2015 жылғы қаңтарда тіркелген. Кісі өлімі орын алмаған бір күн 2013 жылы да болған. 2012 жылы екі тәулік кісі өлімі тіркелмеген.
Өткен жылы Сальвадорда алты миллион тұрғынға шаққанда орташа күніне 14,4 кісі өлімі орын алған, деп жазады lenta.ru.
2015 жылы елде зорлық-зомбылықтың ең жоғарғы деңгейі тіркелді, яғни 10 мың тұрғынға шаққанда 104 кісі өлімі болған. Осы көрсеткіш бойынша Сальвадор соғыс жүріп жатпаған елдер арасында әлемдегі бірінші орынды иеленді.
Бастысы құрбандар түрлі жағдайда қайтыс болатын криминалдық банда өкілдері. Қылмыскерлер есірткі ағынын бақылауда соғыс жүргізеді, алаяқтықпен, рэкетпен айналысады.