Сальвадордың экс-президенті 10 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сальвадордың бұрынғы президенті Антонио Сака ақша бопсалады және мемлекеттің 300 млн АҚШ долларына жуық қаражатын жымқырды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Сальвадордың экс-президенті 10 жылға сотталды

Сака әр айыптау бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұдан тыс, сот оны 260 млн долларды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

Бұрынғы президентпен бірге оның үкіметінің алты мүшесі де сыбайлас жемқорлыққа қатысқаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Экс-президент өткен айда түрме мерзімін қысқартуға үміттеніп, сот тағып отырған айыптарды мойындаған еді.

Орталық Америкадағы республиканы 2004-2009 жылдар аралығында басқарған Антонио Сака  2016 жылдың қазанында өз ұлының үйлену тойында ұсталған болатын.