«Сәлафия» діни ағымы экстремистік деп танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан Жоғарғы соты «Сәлафия» діни ағымын экстремистік деп таныды. Бұл жайында республиканың бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады, делінген «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайтында.

Осыған ұқсас шешімді бұл елдің Жоғарғы соты 2014 жылдың 8 желтоқсанында қабылдаған еді. Онда Тәжікстан елінде аталмыш ұйымның уағыз-насихатын жүргізуге, әдебиеттері мен өзге де материалдарын кіргізуге, таратуға, сондай-ақ интернет ресурстарының ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ендігі уақытта осы ағым мүшелері Тәжікстанның Қылмыстық Кодексінің 307-бабы «экстремистік бағытқа ашық шақыру» бойынша айыпталатын болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram