Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізілді.
ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.
«Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008ж., №29, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай жазылсын:
«1) тау-кен металлургия саласында - 1,8;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) электр энергетикасы саласында - 2,0;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.