«Саламатты Қазақстан» пойызы 1200-ден астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- «Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола облысына сапары барысында шалғай елді мекендердегі 1200-ден астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш пойыз өңірдегі 4 станса мен разъезде болған. Құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, окулист, хирург, онколог-маммолог, стоматолог, функционалды диагностика дәрігері, УЗИ дәрігері, рентгенолог сияқты 12 білікті дәрігер мамандардан құралған бригада 400 медициналық және зертханалық зерттеу жүргізген. Оның ішінде 190-нан астам адам педиатр кеңесіне жүгінсе, 250 адам кардиологтың қабылдауында болды. 396 адам ультра дыбысты тексеруден өтті.

Жалпы, сегіз вагон тиелген «Саламатты Қазақстан» пойызымен еліміздегі алдыңғы қатарлы медициналық мекемелердің жоғары білікті мамандары 1200-ден астам ақмолалыққа қызмет көрсеткен.

Тамыздың 27 күні аталмыш пойыздың Есіл стансасында болғанында 161 адам, оның ішінде 31 бала дәргерлерге қаралған.

Соңғы жаңалықтар