«Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Атырау тұрғындарына медициналық көмек беріп жатыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Атырау тұрғындарына медициналық көмек беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Саламатты Қазақстан» пойызы Құрманғазы ауданының Ақкөл стансасына келді. Пойыз дәрігерлері дәрігерлер жұртшылыққа тегін көмек көрсетуді бастады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның комиссияның мүшесі Ермек Медеубаевтың айтуынша, «Саламатты Қазақстан» пойызы – шалғай елдімекнедердегі тұрғындарға көмек көрсететін арнайы жоба. Пойыздың құрамында 8 вагон бар. Арнайы жобаның басты ақпараттық серіктесі – ҚР ПРезидентінің телерадио кешені.
«Бұл жобаның мақсаты – тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңес беру, медициналық көмек көрсету. Тұрғындар мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетке шығу, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Медициналық көмек көрсететін мамандардың қатарында терапевт, кардиолог, лор, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог секілді дәрігерлер бар. Медициналық пойызда биохимиялық талдаулар, флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік қарастырылған», - деп хабарлады Ермек Медеубаев.
Оның айтуына қарағанда, «Саламатты Қазақстан» пойызы 26 сәуірде Алматы-2 теміржол стансасынан жолға шыққан. Ал, 17 маусымға дейін Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарындағы 47 стансаға тоқтап, тұрғындарға құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсеткен. Бұл пойыздың сапары 6 желтоқсанға жалпы ұзындығы 18 мың шақырымды қамтиды.
Ертең, 5 қыркүйекте сағат 22:05-те «Саламатты Қазақстан» пойызы Исатай ауданындағы Исатай стансасына келеді. Мұнда екі күн, 7 қыркүйекке дейін аялдайды.