Салауатты өмір салты әйелдерде инсульттың даму қаупін айтарлықтай бәсеңдетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АШ-тағы Каролина институтының зерттеушілері 31696 әйелден сауалнама алды. Оған қатысушылардың орташа жасы 60-ты құрады. Әйелдер тамақтану мен салауатты өмір салты туралы 350 сұрақтан тұратын сауалнаманы толтырды. Содан кейін ғалымдар қытасушыларды 10 жыл бойы бақылаған, деп хабарлады Science World Report.

Салауатты өмір салты әйелдерде инсульттың даму қаупін айтарлықтай бәсеңдетеді

Зерттеушілер салауатты өмір салтын сақтаудың 5 тәсілі - дұрыс тамақтану, алкогольді орынды тұтыну, темекіден бас тарту, физикалық белсенділіктің жоғары деңгейі және артық салмақ қоспауды ұсынды. Дұрыс тамақтанудың негізіне олар тамақпен бірге жеміс-жидек, көкөністер мен майсыз сүт өнімдерін пайдалануды таңдады. Алкогольді орынды тұтыну межесі ретінде аптасына 3-9 рет ішу белгіленді. Физикалық белсенділік ретінде велосипедпен күніне 40 минут жүріп, аптасына бір сағат көлемінде энергияны шығаратын дене жаттығуларын жасау қарастырылды.

Әйелдердің көбі 2-3 кеңесті ғана іс жүзінде ұстанды, ал бесеуін де ұстанғандар - 589 болса, біреуін де жасамағандар - 1525 болып шықты. Осы зерттеуге қатысқандардың 1554-інде инсульт дами бастаған. Ұсынылған бес тәсілдің бәрін ұстанған әйелдердің инсульт қаупі оны мүлде ұстанбағандарға қарағанда 54 пайызға төмен болды.