Салауатты өмір салтын қалыптастырған ұзақ жасайды -үйлестіру кеңесінің отырысы

  ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңір тұрғындарының денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,

Салауатты өмір салтын қалыптастырған ұзақ жасайды -үйлестіру кеңесінің отырысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда "Облыс көлемінде вирусты гепатиттің, жұқпалы жедел ішек аурулары тобының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен туындаған мәселелер" тақырыбында облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Ұлбосын Аханаева, ЖҚТБ індетіне қарсы 2006-2010 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру  туралы ЖҚТБ-ға қарсы күрес орталығының бас дәрігері Бисенкүл Кәрібаева, "2008-2016 жылдардағы "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасының салааралық бағытта үстіміздегі жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары" жайында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметов хабарлама жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Зоя Көшекова есепті мерзімдегі ана мен бала өлім-жітімінің ахуалына тоқталып өтті.

Үстіміздегі жылдың бес айында облыс көлемінде жұқпалы жедел ішек аурулары бойынша эидемиологиялық жағдай "қанағаттанарлық" деп бағалануда. Аталған мерзімде жұқпалы жедел ішек ауруының 361 жағдайы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіш 56,4 пайызды құрап отыр. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмендегенімен, республикалық деңгейден 9 пайызға жоғары. Аурудың 72,8 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде.

Вирусты гепатиттің 147 жағдайы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 24,2 пайызға төмендегенімен, республикалық көрсеткіште 58 пайызға жоғары болып отыр.