Салауатты өмір салтын ұстану онкологиялық аурулардың 40 пайызының алдын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салауатты өмір салтын ұстану онкологиялық аурулардың 40 пайызының алдын алады. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Жәмилә Баттақова білдірді.

Салауатты өмір салтын ұстану онкологиялық аурулардың 40 пайызының алдын алады

«Ғалымдар темекіге құмарлық сынды өте кең тараған дағды өкпе обыры дамуының ықтималдығын 10 есеге арттыруға қабілетті екендігін дәлелдеді. Сәйкесінше, темекі шегу өмір сүру ұзақтығын орташа есеппен 10-нан 15 жылға дейін қысқартады. Сондықтан да тәуекел факторына әсер ететін бастапқы себептеріне ықпал еткен жөн», - деді Ж.Баттақова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарында елімізде онкологиялық дертке душар болған 150436 адам есепке алынған. Өткен жылдың өзінде ғана 2 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік белгілері табылған. Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, обырды ерте анықтау бюджет қаржысын 200 есе үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, сүт безі обырын бірінші сатыда емдеуге бюджеттен 120 мың теңге шығындалады. Егер науқаста бұл ауру 4-ші сатыда анықталатын болса, онда онда бюджеттен 27 млн. теңге шығындауға тура келеді екен.