Сәлем, Көкшетау: Ақмолада облыстық байқау-фестиваль өтті

концерт
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар арасында Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтті.

кон
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен ән кешіне Егіндікөл ауданынан «Сазды әуен», Ерейментау ауданынан «Портал», Зеренді ауданынан «Жалын», Астрахан ауданынын «Алау», Атбасар ауданынан «Мерей» вокалды-аспаптық ансамбльдері қатысты.

кон
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, ұжымдардың шығармашылығын насихаттау бағытында ұйымдастырылған шарада қазақстандық авторлардың және шетелдік танымал эстрада әндері шырқалды.

кон
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

Шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, өнерпаздарды диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

кон
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда 2-ші халықаралық комедиялық қойылымдар фестивалінің үздіктері марапатталғанын жазған едік.

кон
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы
фест
Фото: Ақмола облысы мәдениет басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар
telegram