Салиха Қожақованың мерейтойлық кеші өтеді

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 27 қараша күні Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Салиха Қожақованың 70 жылдық мерейтойлық кеші болады. С. Қожақова 1941 жылы Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында өмірге келген болатын.
None
None

1958-1960 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың жанындағы екіжылдық студияда оқыған актриса оны бітірген соң өнер ордасының актерлік тобына жұмысқа қабылданған еді. Сол уақыттан бері үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан өнер шебері ұлттық және әлемдік драматургияның түрлі жанрында 50-ден астам рөлді сомдады. М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Қарлығаш, «Айман-Шолпанында» Шолпан, «Қарагөзінде» Ақбала, «Абай» трагедиясында Мағыш, «Түнгі сарынында» Мөржан, Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» мен «Ой, жігіттер-ай!» комедияларында Жансұлу, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Қарақат, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындасында» Жәмила, «Біз періште емеспізінде» Ана, Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Райхан, «Кішкентай ауылында» Зейнеп, А.Сүлейменовтің «Жетінші палатасында» Кемпір, И.Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» драмасында Нұрғаным, А.Тасымбеков пен Қ.Ысқақтың «Кебенек киген аруларында» Халима, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Қатша, Н.Гогольдің «Үйленуінде» Дуняша, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» күтуші әйел, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Әлиман, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Луфти, «Күйеуінде» Рахима, Ф.Бөлековтің «Отыз ұлың болғаншасында» Бибіхан, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасында Сыпайының рөлін сахналады. Театрдағы ерен еңбегі үшін 1983 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі құрметті атағын алған кино саласында да көптеген рөлдерді ойнады. Атап айтқанда Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген «Менің атым Қожа», «Ән қанатында», «Долана», «Шоқан Уәлиханов», «Бес ағайынды» және тәуелсіз киностудияларда бірнеше фильмге түсті.

Соңғы жаңалықтар