Салық есебін тапсыратындар саны 30 пайызға қысқарады – С.Жұманғарин

АСТАНА. KAZINFORM –Салық кодексінің жаңа редакциясында салық бойынша әкімшілік жазаларды тоқтау ұсынылған Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Серік Жұманғарин
Фото: Видеодан алынған скрин

- Салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады. «Бесіктен» шыққаннан бастап жабылғанға дейін фискалдық» сүйемелдеуді енгізуге баса назар аударылатын болады. Бұл ретте салық есептілігі 30%-ға қысқарады, - деді министр.

Вице-премьер камералық бақылау тәсілдерін түбегейлі өзгерту көзделіп отырғанын еске салды.

- Егер қазір бұл бақылау тәсілі болса, болашақта бұл процедура бұзушылықтарды жою саласынан сәйкессіздіктер анықтау саласына ауысып, ескерту сипатына ие болады. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де өзгереді, - деді Серік Жұманғарин. 

Айта кету керек, Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар