Салмағы 100 келілік алтын әкеле жатқан контрабандалық жүк ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Кансай халықаралық әуежайының шекарасында салмағы 100 келілік контрабандалық алтын құйма партиясы ұсталды, деп хабарлады жұма күні Kyodo агенттігі.

Салмағы 100 келілік алтын әкеле жатқан контрабандалық жүк ұсталды

Бағалы металды заңсыз түрде Жапонияға малайзиялық 10 азамат алып келе жатқан, олар алтын құймаларды киімдерінің астына жасырған.  Жүктің ешқандай тиісті құжаты болмаған. Жүктің құны, алдын ала бағалау бойынша 500 млн иенді құрайды.

Бұдан бұрын салмағы 206 келі болатын алтындардың заңсыз партиясы Кюсю аралының оңтүстік-батысындағы портқа кірген траулер бортынан табылған еді.