Салмағы 192 келі тартатын баланы диетаға отырғызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда салмағы 192 келіге жеткен 10 жасар Арья Перманды диетаға отырғызды.
Қазір Арья мектепке бармайды, себебі, ата-анасы оның денесіне сай киім таба алар емес. Жиі ентігіп қалатындықтан және жай қозғалатындықтан, басқа балалармен де ойнай алмайды. Күні бойы бала тамақ жеп, шомылумен ғана айналысады, деп хабарлайды informing.ru.
Кішкентай Арья күніне бес рет тамақтанады, оның әр бөлігін кез келген адам жей алмайды. Сонда да Арьяның үнемі қарны ашып жүреді екен.
Ата-анасы ұлдарын қоңыр күріш диетасына отырғызуға шешім қабылдады, себебі олар Арьяны құтқарудың бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқ.