Салмағы 30 тонна тартатын өлі кит табылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Ньюфаундленд (Newfoundland) аралында салмағы 30 тонна тартатын өлі киттен құтыла алмай дал болған тұрғындарға Онтарио мұражайының мамандары көмекке келді.

Салмағы 30 тонна тартатын өлі кит табылды - ВИДЕО

Бұл туралы 24.кz . жазады.

Арал тұрғындары жағаға шығып қалған өлі киттен құтылмақ болып, 10 күннен бері алуан түрлі амал жасаған, бірақ одан арыла алмаған болатын. Алайда мамандар оны адам жоқ жерде бөлшектеген. Енді сирек кездесетін алып сүтқоректі қаңқасының үлігілері мұражайға қойылмақ.