Салмағы 32 карат тартатын гауһар тас «Кристис» аукционына саудаға түседі

МӘСКЕУ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат - Салмағы 32 карат тартатын зүбәржатпен бедерленген гауһар тас «Кристис» аукционында саудаға түспек,

Салмағы 32 карат тартатын гауһар тас «Кристис» аукционына саудаға түседі

деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

Аукцион үйі өкілдерінің айтуынша,  бұл жәдігер белгілі баспагер Уолтер Анненбергтің жесірі Ли Анненбергтің мүлкі көрінеді. Сирек кездесетін бағалы бұйым кемінде 5 миллион долларға сатылады деп күтілуде.

«Мұндай үлкен құнды зергерлік бұйым сирек кездеседі және оның саудаға түсуі әлемдегі өте маңызды оқиға», деді «Кристис» аукционының бағалы тастар департаментінің басшысы Рахул Кадакиа. Ол нақыштап безендірілген асыл тастың саудаға түсуі зергерлердің назарын аударады, деп санайды.

Бірегей гауһар тас аукционға түсер алдында Женевада, Лондонда, Гонконгте, Лос-Анджелесте және Нью-Йоркте көрмелерге қойылады. Сауда Нью-Йоркте қазанның 21-інде өтеді.