Салмағы 400 келі тартатын колумбиялықты ауруханаға өрт сөндіретін машинамен алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оскар Моралесті ауруханаға жеткізу үшін 20 адамның және өрт сөндіретін машинаның көмегі қажет болды.

Салмағы 400 келі тартатын колумбиялықты ауруханаға өрт сөндіретін машинамен алып кетті

Салмағы 400 келі тартатын еркекті дәрігерлер шұғыл ауруханаға жатқызбақ болған, бірақ ол өздігінен үйінен шыға алмады.

44 жастағы колумбиялықты қайырымдылық клиникасына жеткізген мамандар командасы оның семіру салдарынан күрт нашарлаған жағдайын біршама түзете алды, деп хабарлайды yoki.ru.