Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Салмағы 430 келі пәкістандық заманауи Геркулес ретінде тарихта қалғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салмағы 430 келі тартатын пәкістандық Арбаб Хизер өзін әлемдегі ең күшті адам деп атады және заманауи Геркулес ретінде тарихта қалғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Daily Mail.

 Салмағы 430 келі пәкістандық заманауи Геркулес ретінде тарихта қалғысы келеді

25 жастағы ер адам кәсіби рестлер болып және пауэрлифтинг бойынша жеңімпаз атануды жоспарлағанын айтты.

Ол өзінің дене бітімі үшін Аллаға разы және бұдан да ауыр салмақты қалайды. Ол үшін ер адам күніне 10 мың килокалорий тұтынады: атап айтқанда, ол таңғы асқа 36 жұмыртқа, күніне үш келіден астам ет және бес литрге жуық сүт ішеді.

Хайаттың бойы 190 сантиметр. Пәкістандықтың айтуынша, салмағына қатысты оның денсаулығында еш ақау жоқ.

«Бұл салмақта өзімді жайсыз сезінбеймін», - деді «Геркулес».

Қазіргі уақытта әлемдегі ең ауыр ер адам болып Сауд Арабия тұрғыны Халид Бин Мохсен Шаари (Khalid Bin Mohsen Shaari) танылған. Оның салмағы 610 келі тартады.