Салмағы екі тонналық Эрта - әлемдегі ең үлкен айналмалы глобус (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эрта ("Eartha") деп аталатын әлемдегі ең үлкен айналмалы глобус картографиялық өнімдерді шығаратын DeLorme компаниясының бас кеңсесінде орналасқан.

Салмағы екі тонналық Эрта - әлемдегі ең үлкен айналмалы глобус (ФОТО)

Глобус Американың Мэн штатындағы Ярмут қаласында, Портлендтен солтүстікке қарай шамамен 15 минуттық жол жерде орналасқан. Алып Жер шарының диаметрі 12.5 метр, салмағы - 2,5 тонна.

1999 жылы Гиннес әлемдік рекордтар кітабы оның глобустардың ішінде ең үлкені екенін растады. Бұған дейінгі рекорд орнатушы итальяндық Пезарода орналасқан Әлемнің Жер шары еді - бірақ оның көлемі 9 футқа кіші болған. Жер шары үш қабатты шыны атриумына орналастырылған.

Эрта глобусы 1998 жылы ұсынылып, екі жылдың ішінде салынды.