Салмақ өлшеу рәсімінде Лемье Головкиннен «басым» түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен оның алдағы жарыстағы қарсыласы Давид Лемье жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлады sports.kz.

Салмақ өлшеу рәсімінде Лемье Головкиннен «басым» түсті

Бұл рәсім WBC титулы үшін жарысқа қатысатын боксшылар үшін міндетті саналады. Айқас 17 қазанда өтеді. WBC қағидасы бойынша айқасқа 30 күн қалғанда қарсыластар салмақ санаты лимитін 10 пайыздан асырмаған болуы тиіс. Орташа салмақ лимиті 160 фунт (72,57 келі), сондай-ақ боксшылар салмағы 176 фунттан (79,83 келі) аспауы тиіс. Головкин 165 фунт (74,84 келі) тартты, яғни оған салмақ қуудың қажеті жоқ, ал оның қарсыласы Лемье салмағы 175,8 фунтты (79,74 келі) көрсетіп, белгіленген шектен асып кетуге аз-ақ қалды.