Салмақты сынға ұшырағанына қарамастан Үкіметтің отставкасы туралы жел сөзге назар аударудың қажеті шамалы - В. Бобров

Бұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Сенатының депутаты Владимир Бобров айтты. Еске сала кетейік, брифинг негізінен 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарына арналған болатын.
«Жалпы қандай әкім, не болмаса министр, не болмаса Премьер-Министр тағайындалмасын екі-үш күн өтпей жатып-ақ қоғамда оның отставкасы туралы әңгіме өрбіп шыға келеді. Әрине, қоғамда айтылып жатқан осындай әңгімелерге назар аударудың қажеті шамалы. Біз Елбасын тыңдауымыз керек. Үкімет қазіргі таңда өте салмақты әрі шындығында да әділ сын естіді. Сосын Үкімет белгілі бір қорытындыларды да шығарды, Президентпен кадрлық өзгерістер де жасалды. Сондықтан тарихи сәттердің бар екенін де түсіну керек. Ешқандай да атқарушы билік бір жылдың ішінде революция жасай алмайды. Үкімет те әрқашан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды түзете отырып, соның аясында ғана әрекет етеді», - деді В. Бобров журналистер сауалына жауап бере отырып. Бұл ретте сенатор Үкіметте кейбір кемшіліктер болғанымен, оның тынымсыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.