08:37, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Салоникиде тас жолды құрбақалар басып алды
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Грекия өкіметі кеше, сәрсенбі күні Солоники ауданындағы негізгі күре жолдардың бірін екі сағатқа жабуға мәжбүр болды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Олай етуге жолды құрбақалардың басып алуы себеп болған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Жергілікті жол полициясының ақпараты бойынша, Ландагас қаласы ауданындағы жолды «миллиондаған» қосмекенділер басып қалған. Бақаларды айналып өтпек болған үш көлік жолдың шетіне шығып кеткеннен кейін, жергілікті өкімет жолды уақытша жаба тұруға шешім қабылдаған.
Ешкім зардап шекпеген. Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы көлдегі құрбақалар тамақ іздеп, «жолға шыққан» сияқты.