Салтанат Тұрсынбекова Астанада жануарларға арналған орталықта болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жақында ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Астанада жануарларға арналған орталықта болып, қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кандидат жұмысшылармен және орталық басшысымен панасыз жануарларға қажетті көмек жөнінде әңгімелесті. Онда қызметкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда президент сайлауы өтеді.