Салтанат Тұрсынбекова Түркістанда зейнеткерлермен кездесті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды үгіт-насихат сапарында Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы» зейнеткерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанат Тұрсынбекова Түркістанда зейнеткерлермен кездесті

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда зейнет жасындағы 2,25 миллионға жуық азамат бар.

Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» спортпен айналысуға, үстел ойындарын ойнауға және жай ғана әңгімелесуге күн сайын 60-65-ке жуық зейнеткер барып тұрады.

Еске салайық, үміткер бұған дейін Түркістан облысында 1100-ге жуық адам жұмыс істейтін Кентау трансформатор зауытында болып, «Ғиззат» мүгедектер қоғамдастығы мотивациялық орталығына, сондай-ақ ҮЕҰ үйіне барып, өңірдің мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады.

19 қараша – республика бойынша тыныштық күні.

Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.