Салық басқармасының бастығы қамауға алынды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Жітіқара ауданының салық қызметкерлері Жаңа жылды кәсіпкерлердің ақшасына тойлаған. Сол үшін Жітіқара ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы Б.Мақашев ұсталды.
None
None

Қаржы полициясы оған қызметтік өкілеттігін бірнеше рет теріс пайдаланған деген айып тағып отыр. 26 мамырда Мақашевқа қатысты жеке кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін одан 2 тонна сұлыны жеткізіп салу бойынша ақысыз автоқызметті көрсетуді талап еткен деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Мақашев жаңа жылдық салтанатты кеш ұйымдастыру үшін 2 жеке кәсіпкерден жалпы сомасы 130 мың теңге ақша қаражатын заңсыз алған. Сондай-ақ ол 2012 жылғы қарашада мемлекеттік бюджетке зейнетақы төлемдерін уақытылы жібермегені үшін жеке кәсіпкерді әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босатқан.

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 мамыр күні Мақашев сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық істер тергелуде.

Соңғы жаңалықтар