Салық декларациясын тапсыра алмаған 300 үміткер мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеле алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салық декларациясын тапсыра алмаған 300 үміткер мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеле алмады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

«Бүгінгі күні жағдай мынадай, декларация тапсыру барысында бір теңге болсын, жүз теңге болсын, 1 мың доллар болсын көрсетілмей қалатын болса, онда бұл бұзушылық болып саналады және заңға сәйкес ол адам сайлау додасынан алынып тасталады», - деді ол.

М.Сәрсембаевтың атап өтуінше, мұндай жайтқа тап болған адам ең алдымен аумақтық сайлау комиссиясына жүгінуі қажет. Егер шығарылған нәтиже шағымданушының көңілінен шықпаса, онда ол Орталық сайлау комиссиясына жүгіне алады.

«Декларацияға байланысты сайлау додасынан алынған кандидаттарың санына қатысты айтар болсам, олар бүкіл ел бойынша шамамен 300 кандидатты құрайды. Олар салық декларациясын белгіленген түрде өткізбеген», - деді ҚР ОСК мүшесі.

Соңғы жаңалықтар
telegram