Салық декларациясына жалған мәлімет енгізген батысқазақстандық азамат 3 жыл өмірін түрмеде өткізетін болды

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Салық декларациясына енгізілетін мәліметтер көбіне жалған.

Салық декларациясына жалған мәлімет енгізген батысқазақстандық азамат  3 жыл өмірін түрмеде өткізетін болды

Осы әрекеттері арқылы ұйым, мекеме өкілдері салықтан жалтарып қалмақ. Бұны бүгін   журналистермен болған апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  сөзіне қарағанда, ұйым, мекеме қызметкерлерінің мұндай әрекеттерінің соңы жақсылыққа апармайды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында осындай әрекеттері арқылы 485 миллион теңгені ұрламақ болған  «Эксель» ЖШС-ның директоры Е.Тетенов 3 жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ тап осындай әрекетпен 347 миллион теңгені жымқырмақ болған осы облыстағы «Спутник-ойл» ЖШС-ның директоры С.Даниловтың мал-мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Құзырлы органдар директорға  айыппұл да төлеттірді.