Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.