Салық комитеті: Қазақстанда 150-ден астам мекеме сауықтырудан өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда 156 мекеме сауықтыру рәсімінен өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті.
«Қаржылық сауықтандыру мақсаты бойынша оңалту рәсімін 156 мекеме қолдануда, оған қоса рәсім кезеңінде 5,5 млрд.теңге (қарызды жабу жоспары соммасынан 86 %) соммасында қарыз жабылды. 11 120 жұмыс орны сақталды», - деді комитет басшысы.
Белгілі болғандай 2013 жылы 1401 банкрот-кәсіпорын таратылды.
Айта кетейік, әдейі және жалған банкроттық рәсіміндегі қатысушылар жауапкершілігін арттыру, банкроттық жүйесіндегі ашықтылық, тиімділік және айқындылықты қамтамасыз ету, «тіршілікке икемді» борышкерлерді қаржылық сауықтандыру мақсатында 2014 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентімен «Банкроттық және оңалту туралы» және «Бірқатар заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер еңгізу туралы» ҚР Заңдарын қабылдады.